Тайланд парламентінің төменгі палатасы біржынысты некені заңды түрде тану туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы ВВС жазды.
Заң жобасын Таиланд Сенаты мен королі әлі де мақұлдауы керек. Бірақ заң бұл кезеңдерден өтіп, жыл соңына қарай Таиланд Оңтүстік-Шығыс Азиядағы біржынысты одақтарды мойындаған бірінші ел болады деп жоспарланып отыр.
«Бұл – теңдіктің бастауы. Аталған заң осы топтағы адамдарға бұл құқықтарды сыйлауды емес, қайтаруды қалайды», - деді заң жобасын палатаға енгізіп жатқан депутат Данупхорн Пуннаканта.
Заң жобасын қабылдауға қатысқан 415 депутаттың 400-і дауыс берді.
Заң мұндай некені бұрынғыдай ер мен әйелдің емес, екі адамның серіктестігі деп анықтайды. Біржынысты жұптар ерлі-зайыптыларға берілетін салық жеңілдіктерін пайдалануға, бір-бірінің мүлкін мұрагерлікке алуға және ерлі-зайыптылардың бірі есінен танып қалған жағдайда оны емдеуге келісім беруге құқылы болады.
Сондай-ақ біржынысты ерлі-зайыптылар бала асырап ала алады. Алайда, депутаттар тиісті комитеттің «әке мен ана» деген сөздің орнына «ата-ана» терминін қолдану туралы ұсынысын қабылдаған жоқ.