03 қар, 2016 сағат 15:30

Тәуелсіздік жылдары ШҚО-да 5,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

- 65 мың шығысқазақстандық отбасы Тәуелсіздік жылдары өз тұрғын үй жағдайларын жақсартып алды. 25 жыл ішінде өңірде қаржыландырудың барлық көздері есебінен 5 млн 746 мың шаршы метр тұрғын үй берілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тұрғын үй құрылысы экономикалық дамудың өзіндік отарбасы және халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші деп есептеледі. Тұрғын үй құрылысы Қазақстаның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының  басым бағыттарының бірі ретінде танылған және жалпы ұлттық сипаттағы анағұрлым маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы саласындағы қолайлы үрдісті қалыптастыру  мемлекеттік бағдарламаны  іске асыруға және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді нығайтуға  ықпал етті. Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылысы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту», «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады.

Өңірлік құрылыс басқармасының ақпараты бойынша 2016 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы алаңы 630,2 шаршы метр 104 көп пәтерлі тұрғын үй,  8 136 пәтер мен 24 нысанның құрылысы  жүргізілуде.