12 жел, 2025 сағат 10:55

Тәуелсіздік күніне орай Алматыда қандай маңызды шаралар өтеді?

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығына арналған іс-шаралар бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды Ult.kz.

16–17 желтоқсанда қала кітапханалары мен білім беру ұйымдарында патриоттық кездесулер, әдеби-музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер, дәрістер мен тарихи сағаттар өтеді.

Осы күндері Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі мен «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне дәстүрлі гүл қою рәсімі өтеді.

17 желтоқсанда сегіз ауданда Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған ас беріледі.