04 жел, 2025 сағат 10:47

Тарихи алтын: Президент жас таеквондошыны құттықтады

Фото: ҰОК

Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыландыны құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кенияда өткен 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында тарихи жеңісге жеткен Бейбарыс Қабыландыға құттықтау жолдады.

– Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – деп жазылған құттықтау сөзінде. 


Айта кетейік, қазақстандық Бейбарыс Қабылан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады. Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.