Бүгін Алматыдағы Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасына қатысқан қаламгерлер оқырмандармен кездесті.
Ақын-жазушылармен әдеби-танымдық жүздесуге жоба қатысушылары Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, журналист, аудармашы Кәдірбек Сегізбаев, ақын, аудармашы Қуанышбай Құрманғалиев және І «Рух» халықаралық онлайн-әдеби конкурсының «Үздік әдеби сын» номинациясының жеңімпазы, ҚР Президенті стипендиясының иегері, жас ақын Бекзат Смадияр қонақ болып келді.
Қаламгерлер оқырмандарға жазып жатқан шығармалары жайлы кеңінен әңгімелеп, «Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасының маңыздылығы туралы түсіндірді. Сонымен қатар жазушы Кәдірбек Сегізбаев Алматы шаһарының құрылу тарихы, әр жылдары басқарған басшылардың еңбектері және табиғатты сақтау, экология мәселесін сөз етті. Ақын Қуанышбай Құрманғалиев ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жастар өмірі мен қала келбеті туралы айтса, ал модератор, жас ақын Бекзат Смадияр аталған айтулы жобаның мән-маңызын ашуға тырысты.
Кеш қонақтары оқырмандардың сауал-пікірлеріне жауап беріп, кітапхана қорына арнайылап жеңе қолтаңбасымен кітаптарын табыстады.