Фото: Pexels.com
Елімізде Kcell, Tele2, Beeline сияқты үш ірі байланыс операторлары жұмыс істейді. Алайда соңғы жылдары операторлардың қызметіне байланысты шағым көп түскен. Әсіресе тарифтік бағаның қымбаттауы басты мәселеге айналып отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
«Біз нарықты талдап, тарифтердің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Соңғы екі жылда байланыс операторларының барлығы дерлік тарифтерін көтерді. Қазіргі уақытта біз олардың арасында баға бойынша сөз байласу фактісін тексеріп жатырмыз. Тарифтердің бір мезетте және жаппай өсуі – бәсекелестік заңнамасының бұзылуы болуы мүмкін, сондықтан тергеу жүргізілуде»,-деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов.
Сонымен қатар агенттік бір оператордың монополиялық жоғары тарифтерді белгілеуі мүмкін екенін анықтады. Осыған байланысты бөлек тергеу жүргізілуі мүмкін.