02 шіл, 2024 сағат 11:34

Танымал спортшы Хабиб Нурмагомедовтың есепшоты бұғатталды


Фото: Валерий Шарифулин / ТАСС


Ресей Федералдық салық қызметі бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың қарыздарын төлеу талаптарын орындамағаны үшін банк шоттарына тыйым салды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Kazinform-ға сілтеме жасап.


Есептік операциялардың бұғатталуына спортшының 297 миллион рубль қарызы себеп болған. 


BIR-Analyst ақпараттық жүйесінің таратқан мәліметіне сәйкес, Хабиб Нурмагомедовтің базада жеке кәсіпкер екені жазылған. Сонымен қатар ол әртүрлі коммерциялық ұйымда құрылтайшы және бас директор ретінде тіркелген: Eagles Fight Club LLC, Sildi LLC, сондай-ақ бірқатар қайырымдылық қорын басқарған. 


Еске салсақ, бұған дейін Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың жиені Шешенстанның көлік министрі болғанын жазған едік.