коллаж: Tengrinews.kz
"Ирина Кайратовна" тобының мүшелері мен Shiza лақапатымен белгілі әнші Асхат Жолшиев сынға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ның концерті өткен. Желі қолданушылары "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боқауыз сөз де айтып кеткен.
Ал әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның туын адамдарға лақтырып жіберген.
"Тәп-тәуір жігіттер еді ғой. Сахналық мәдениет қайда кетті, жігіттер?", - делінген Aqparat.kz Instagram-парақшасындағы жазбада.
Қолданушылар әншілер мас деп топшылаған.
Сонымен қатар Желіде тараған видеолардың бірінде "бәрі ішіп алғаны, концерт онша емес өткені және ұйымдастыру нашар болғаны" жазылған.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.
Артынша әнші Асхат Жолшиев туды адамдарға лақтырғаны қате болғанын айтып, кешірім сұрады.
"Мен туды қорлау үшін емес, ертең бір адамға естелік болсын деп ойладым. Сен де, мен де пенде! Артық кетсем айып етпеңдер!", - деді Shiza.
2132 рет оқылды