15 там, 2025 сағат 10:29

Тамыздың алғашқы онкүндігінде елімізде 1,2 млн тонна астық жиналды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның 8 өңірінде егін жинау науқаны басталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударуда: қолайлы жағдайлар жасау тәуекелдерді азайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 903,9 мың га дәнді дақылдар, 1,2 млн тонна астық, 5,7 мың тонна майлы дақылдар, 343,6 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,4 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Ел бойынша жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігінде басталады. Егін жинау жұмыстарына барлығы 139 мың трактор, 31 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың орақ және 130 мың басқа техника жұмылдырылады. Бүгінгі таңда жалпы дайындық 93%-ды құрайды.

Өңірлерге егін жинау жұмыстарын жүргізуге 254 теңге/литрге жеңілдікті бағамен 402 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық құннан 18-20%-ға арзан.