13 сәу, 2018 сағат 17:41

Тамара Дүйсенова азаматтардың арыз-шағымын тыңдады

«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия Хатшысы Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдады. Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының азаматтары өз арыз-шағымдарын бейнебайланыс арқылы жеткізді. Бас-аяғы он үш арыз-шағым қаралды.

Келген азаматтардың өтініштері сан салалы. Шағын және орта бизнесті дамытуына әкімшілік қызметкерлері тарапынан жасалып отырған үлкенді-кішілі кедергілерден бастап, денсаулық пен жұмысқа орналасу, зейнеткерлердің алып отырған зейнетақыларына көңілтолмаушылықтары, сот шешіміне наразылық, мүгедектік мәселесіне дейінгі сұрақтар бүгінгі қабылдауда қаралды.

Азаматтардың талап-тілегін қанағаттандыру мақсатында Тамара Қасымқызы онлайн режимде қатысып отырған аймақтардағы әкімдіктер өкілдері мен Астана қаласы әкімдігі, сондай-ақ басқа да құзіретті органдар өкілдеріне шұғыл тапсырмалар беріп, азаматтардың өтініштері аяқ асты қалмауын, уақтылы шешім табуын қадағалауды тапсырды.

Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова: Мемлекет тарапынан әлеуметтік әлжуаз топтарға  көмек  жайлы біраз бағдарламалар бар. Сол жөнінде бүгін оларға жақсы бағыт-бағдар бердік. Бүгін қаралып жатқан мәселелердің барлығы біздің мемлекеттік және жергілікті органдардың бақылауына алынады және ол мәселелердің оңынан шешілуіне барынша мүмкіндік жасаймыз, - деді.