28 қаз, 2024 сағат 12:48

Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты бес бап бойынша іс қозғалған

Фото: Gov.kz

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты депутаттардың сауалына жауап берді. Оның сөзінше, аталған дерекке қатысты бес бап бойынша іс қозғалған, деп хабарлайды Stan.kz

Министр Талғар қаласында орын алған Шерзаттың өліміне қатысты Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр.

"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеуде. Алғашқыда оқиғаның себебіне қатысты әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын әртүрлі мәліметтердің көп таралуына байланысты министрлік белгіленген тәртіпте (Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сай) 15 қазанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, кейбір тергеу мәліметтерін жария етті. Брифинг қоғамды алаңдатқан кейбір мәселелерді қамтыды", – деді Саденов.


Министрдің мәліметінше, қазір қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынған.

"Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жерде болған басқада адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. 
Жалпы қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты. Іішкі істер органдары мемлекет бБасшысының еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларын орындау аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кешенді шаралар атқаруда", – делінген министр жауабында.