Фото: Sputnik.kz
Талдықорғанда газбаллонды жабдық (ГБЖ) орнатылған көлік жарылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жарылыс күшті болғаны сонша, тіпті тұрғын үйді қиратып жіберген. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.
Жетісу облысы ТЖД-нің мәліметінше, 4 наурызда Талдықорғанның (Еркін ауылы) гаражында тұрған көліктегі газ жабдығының жарылуы орын алған.
"Туыстарымыздың көлігі жарылды. Қыста баспанасыз қалды. Өте қиын жағдай. Оларға үйді жөндеп, қалпына келтіру керек", - дейді видеодағы дауыс.
Пікірлерде жарылыс салдарынан әке мен қыздың зардап шеккені жазылған. Ер адам ауруханада жатыр делінуде.