10 қаз, 2025 сағат 13:18

Таиландтық туристер саны екі есе артты

Фото: TravelPress.kz

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Оңтүстік-Шығыс Азия нарығымен байланысын күшейтіп, Thai AirAsia X әуекомпаниясымен Алматы – Бангкок бағыты бойынша тікелей рейс ашу мәселесін талқылады. Рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап іске қосылуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Бағыттың ерекшелігі:

  • Thai AirAsia X үшін Орталық Азияға алғашқы тікелей рейс;

  • Ұшу Дон Муанг әуежайынан жүзеге асырылады (аймақтағы ірі авиациялық хаб);

  • Аптасына 4 рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі;

  • Airbus A330 ұшағымен.

Туризм әлеуеті артып келеді
Өткен жылы Таиландтан Қазақстанға 5 500-ден астам турист келсе, соның 4 200-і қонақүйлерде орналасқан. Kazakh Tourism халықаралық әріптестікті кеңейтіп, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысын нығайтуда.

Kazakh Tourism басшысы Даниел Сержанұлы:

«Thai AirAsia X компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағыты ретінде Қазақстанды таңдауы – елімізге деген қызығушылықтың артқанының белгісі. Бұл қадам Қазақстанды өңірлік саяхат хабына айналдыруға ықпал етеді».

🇹🇭 Thai AirAsia X бас директоры Паттра Чаярпанит:

Жаңа рейс қос ел арасындағы туристік ағымды арттырады.

Қазақстан мен Таиланд арасында 30 күнге дейін визасыз режим бар, бұл сапарларды одан да ыңғайлы етеді. Келіссөздерге Қазақстанның Таиландтағы елшілігі қолдау көрсетті.