Фото: senate.parlam.kz
Парламент Сенатының youtobe арнасында Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың жүргізуімен Taldau Talks подкасты жарыққа шықты. Онда спикер ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, "Шин-Лайн" компаниялар тобының Президенті Андрей Шин мен Кавказ және Орталық Азия KPMG стратегиялық және операциялық консультация беру тобының басшы-серіктесі Болат Мыңбаевпен сыртқы сауда, тарифтер және қазақстандық экспортты ілгерілету турасында әңгіме дүкен құрды деп хабарлайды Ult.kz.
Неліктен АҚШ 145% - ға дейінгі тарифтерді енгізеді және бұл Қазақстан үшін нені білдіреді? Жаһандық сауда қалай өзгереді және біздің еліміз сыртқы нарықтарда ұстай ала ма? Экспортқа не кедергі келтіреді және мемлекеттік қолдау іс жүзінде жұмыс істей ме? Логистика қандай болуы керек? Бүгінгі таңда қазақстандық тауарлар үшін қандай бағыттар басым? Сарапшылар осы сұрақтарға жауап іздеді.
Сұхбаттың алғашқы бөлігі жалпы әлемдік экономикалық жағдай туралы өтті. Онда қонақтар мен Сенат спикері жаһандық трендтер, тарифтік соғыстар және процестердің әлемдік және қазақстандық экономикаға әсері туралы сөз қозғады. Екінші блокта экспорттың тенденциялары. Тарифтік трендтерді талқылау жүріп, сұхбаттың келесі бөлігінде қолдау институттары жайында әңгіме өрбіді. Сондай-ақ логистика және көлік туралы төртінші болкта айтылып өтті.
Бизнестің дамуы туралы айтқан Андрей Шин Қазақстанда экспортты дамыту керектігін және батыл қадамдарға бару қажет екенін жеткізді.
«Біз өндіріс бағытында дамысақ дейміз, одан кейін ретейл, сосын барып қаржы институттары. Ретейл туралы мысал келтіре кетсем, тікелей ретейл туралы емес, менің қызым дүкен әрі кафе сияқты орын ашып жатыр. Біз дүкендер желісімен жұмыс істейтін белгілі бір Оңтүстік Корея компанияларын әкеліп, оған қоса көрші елдермен экспортты реттеуді жоспарлап отырмыз. Мен олармен сөйлескенде үнемі тым ауыр, тым жеңіл не болмаса арнайы сақтау жағдайын талап ететін немесе сақтау мерзімі қысқа тауарлар логистикаға проблема әкеледі. Ол тауар құнының өсуіне алып келеді. Мен Қазақстаннан нені экспорттаған дұрыс екенін нақты айта алмаймын. Себебі кез келген тауарды зерттеу керек. Көрші елдерде не болып жатыр және біз олардан қалай ерекшелене аламыз? Қай жерде басымдыққа ие боламыз, қай жерде оларды қызықтыра аламыз? Бұл ретте мен ештеңеден қорықпаңыздар, барлығын көріңіздер, зертттеңіздер, әрқашан бәрі мүмкін екенін айтқым келеді. Яғни экспортқа қарай жылжу керек», ‒ дейді "Шин-Лайн" компаниялар тобының Президенті.
Осы ретте Мәулен Әшімбаев тар шеңберде қалып қоймай үлкен мақсаттар қойып, өсуге талпыну керектігін жеткізді. Сонымен қатар ол Болат Мыңбаевтар Қазақстанның қандай салалары әлем нарығында көш бастауға лайықты екенін сұрады.
«Біздің географиямыз бен қазіргі уақытта жасап жатқан жұмыстарымызға қарасақ, бізде дәстүрлі салалар бар. Олар жер қойнауын пайдалану, металлургия және тау-кен кәсіпорындары, жаңа айтып өткен тарнспорт саласы. Бұлар бізде бар. Осы базалық салалар айналасына белбеу салуға ұсыныс бар. Импорт бойынша немесе ол мұнай-газ секторы болуы мүмкін, ол мұнай-газ қызметін көрсету болуы ықтимал, қазба байлық өндіруге байланысты немесе транспорт қызметін көрсету болуы да мүмкін. Ол тек Қазақстан териториясында ғана емес, бір арман деп айтуға болатын шығар, бәсекеге қабілетті локомотив өндірісі сыртта да бәсекеге қабілетті болса. Бөтен елдікі емес, өзімізде бар. Әрине жағымды да, жағымсыз тұстары бар», ‒ дейді Болат Мыңбаев.
ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз сөзінде әлемдік сауда-саттықта жаһандық позициялауда Қазақстан мультивекторлықты жалғастырады.
«Бізде френдшоринг болмауы керек. 210 мемлекет экспорттық ел бар. Мультивекторлық аясында біз қазір сауда материктерін анықтадық. Олар ‒ Қытай – жаһандық оңтүстік, Таяушығыс, Еуроодақ, бұл бізде тарихи жағдай солай болды. Сөйте тұра біздің «өз үйіміздің нарығын» жоғалтып алмауымыз керек. Олар ‒ біздің жақын доға. Сосын өте маңызды мәселе, ол ресурсты дипломатия. Ол мемлекет ішіндегі өндірісті дамыту. Олар ‒ критикалық металлдар, сирек кездесетін жердегі металдар, АӨК-ні терең өңдеу. ҚАзір ешкім ұзақ уақытқа жоспар құрмайды. Максимум 3 жыл. Маңызды мәселе қызмет көрсетуді эксопорттау. Әрине бізде потенциал үлкен. Соңғы он жылда біз өте қатты өстік. 12 млрд. долларға дейін және қызмет көрсету экспорты. Мысалы хорека салу жақсы жүріп жатыр. Инженеринг, IT, медициналық қызмет көрсету. Егер жалпы парадигма ауысуын айтар болсақ, біздің 1200 тұрақты экспортерлардан жай ғана алып сатар болуды емес, өндіріп сататын болғаны маңызды. "Шин-Лайн" мысалында айтатын болсақ, олар сатуды бастаған кезде өндіріске ауысып, кеңейтіп, тұрақты өндіруші топ болуға мүдделі. Осындай мысалдар көп. Автопром неден бастады? Олар көлік бөлшектерін сатудан бастаған. Қазір локализациясы әлде қайда жоғары. Қазақстанда біз үшін «made in KZ» позициясын ілгері жылжытатын 100 бренд болғаны ең жақсы жарнама. Біз осы бағытқа мақсат қойғанбыз», ‒ деп отыр министр.
Өз кезегінде Мәулен Әшімбаев қазір әлем нарығында көріп отырған сауда, тарифтік соғыстар біз үшін қауіп те, мүмкіндік те деп есептейді.
«Бұл біздің транзиттік бағыттар үшін де, ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктер үшін де. Жалпы протекционизм сәуірде туған мәселе емес. Ол соңғы жылдары белең алған тенденциялардың көрсеткіші. Және біз оған дайын болуымыз керек. Сосын кез жағдайда өзіміз де сол инструменттерді пайдаланып, отандық өндірушілерімізді қолдап, қорғауымыз керек», ‒ деген Сенат спикері Қазақстан экспортты көздеуі керек деп есептейді.
Оның себебі, бізде ішкі нарық шағын. Біз экономикалық, инновациялық, технологиялық тұрғыда көшбасшы болуға ұмтылуымыз тиіс. Біз өзімізге жаңа нарық көзін ашып, соларға шығуымыз керек. Экономиканы тиімді жүргізіп, мемлекет отандық компанияларға шетел нарығында тұрықтану үшін көмектесуі керек.
«Ол жүйені қалай интеграциялайтынымыз туралы бүгін айттық. Бұл жерде үлкен жұмыс Арман Абайұлы сіздің министрліктің және мемлекеттік структураларының, жалпы үкіметтің және экспортты кеңейту бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы бар және біздің міндетіміз ол тапсырмаларды жүзеге асыру», ‒ деді ол.
