Фото: ашық дереккөз
Павлодар облысындағы Торсықбай көлінде аққудың аналығы мұзға қатып қалған. Ұшып кетуге мүмкіндігі бола тұра, аталығы суыққа қарамай серігін тастамай, жанында қалған.
Құстарды алғаш болып жергілікті тұрғын Бауыржан байқап, әкесімен бірге жедел түрде көмекке келген. Олар аққулардың өз бетімен босай алмайтынын аңғарып, екеуін де көлден қауіпсіз жерге шығарды.
Құтқарылған құстар жылы орынға жеткізіліп, қоректендірілді. Қазіргі таңда аққулар Бауыржанның үйінде уақытша орналастырылған, жағдайлары бірқалыпты.
