Фото: pexels.com
Қазақстанда 2024 жылғы 2 мамырдағы ел аумағынан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынған, енді бұл тыйым тағы 6 айға ұзарады, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл тыйым Елдің ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мақсатында салынған.
Бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігі аталған шараны тағы 6 айға ұзарту жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталына орналастырылды.
Тек мынадай жағдайда тыйым күші болмайды:
- 1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін;
- 2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген) тауарларды әкетуді;
- 3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталатын және аяқталатын өткізілетін транзиттік тасымалды.
Айта кетейік, бұйрық бекітілген жағдайда сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салу 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.