06 қаң, 2026 сағат 12:41

Сұмдық трагедия: Ер адам өз балаларын өлтіріп, кейін өзіне қол салды


Фото: telegram/Новости из Кремля

Иркутск облысында сұмдық трагедия болды. Әкесі балаларын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады ған, деп хабарлайды Ult.kz.

Өткен түні Ресейдің Иркутск облысында ер адам өз балаларын өлтіріп, кейін өзіне қол салды.

Барлығы ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдан басталған. Кикілжіңнен кейін әйел ата-анасының үйіне кетіп қалған, ал көп ұзамай күйеуінен қорқынышты хабарламалар ала бастаған.

Түнгі екілер шамасында әйел полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары үйге келген кезде 6 жастағы қыз бен 8 жастағы ұл баланың мәйітін тапқан. Ер адам өзіне пышақпен іш тұсынан жарақат салып, кейін ауруханада көз жұмды.

Аталған дерек бойынша екі кәмелетке толмаған баланы өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.