Фото: БҚО әкімдігі
ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы бүгін 08:30–дағы соңғы ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Оған сенсек, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) жалпы ұзындығы 7575 шақырым болатын 8 жол учаскесінде су тасқыны болған.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 техника мен 438 адам жұмыс істеп жүр.