Қазақстанда үйінен айырылғандарға баспана салуы үшін 22 миллион теңгеден берілмек. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев үкімет брифингінде айтты.
Оның айтуынша, қазір әкімдіктер ақпарат жинап, зардап шеккен үйлердің есебін жүргізіп жатыр.
"Біз жергілікті бюджеттен, кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлетін боламыз. Қазір бір үйдің құны деп 22 млн теңге қарастырамыз.
Бұл 80 шаршы метр болатын бір үйдің немесе екі бөлмелі пәтердің құны. 1 шаршы метр үшін 281 мың теңге. Болашақта біз бюджеттен осы құнға сүйене отырып бөлеміз. Әзірге бізде үйлердің нақты саны жоқ", – деді министр.