10 мам, 2024 сағат 14:32

Су тасқыны салдарынан қанша мал суға кетті?


Фото: stan.kz


Су басқан өңірлерде 138 мың 800 бас мал аман алып шығарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат»  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


Министрдің сөзінше, әр өңірде штабтар жұмыс істеп жатыр. 


"Бүгінгі күнде 138 мың 800 бас аман алып шығарылды. Бұл – үлкен жұмыс. Халық, ветеринар, ТЖМ барлығы қосылып, осы жұмысты жүргіздік. Өлген малдың саны – 9761. Соның ішінде 98 пайызға утилизация жасалды. Жалпы мал шығынын өтеу жағын айтатын болсақ, алгоритм бар. Құжаттары барларға бюджеттен төленетін болады, ал құжаттары жоқ, кезінде тіркеуде отырмаса, демеушілер көтеретін болады. Бүгінде 4801 мал басының (шығыны) өтелді, 1 млрд 198 млн теңге төленді. Бұл жұмыс жалғасатын болады", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.