Фото: Лұқпан Елеу
Шаған және Деркөл өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қазіргі таңда Самал ауданы маңындағы саяжайларға су келіп жатыр. Осы осы аумақта орналасқан "Мичуринское", "Объединённое", "Ветеран", "Звёздочка" саяжайларындағы адамдарды эвакуациялау жұмысы басталды. Уақытша тұратын үйлері жоқ адамдар эвакуациялық пункттерге орналасуда. Тұрғындарды эвакуациялауға барлығы 12 автобус жұмылдырылған, - деп хабарлайды Орал қаласының әкімдігі.
Бос қалған үйлерді полиция қызметкерлері күзетіп жүр. Айта кетейік, қазіргі уақытта қаладағы өзен маңындағы саяжайларда шамамен 10 мыңнан аса адам тұрады.
«Шаған өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласында Самал ауданындағы аспалы көпірде мұз кептелісі пайда болды. Өзендегі мұз кедергісіз өту үшін аталған аудандағы аспалы көпірді кесу туралы шешім қабылданды.
Сазды су қоймасындағы су ағынының ұлғаюы нәтижесінде Сазды және Жіңішке өзендеріндегі су деңгейін азайту мақсатында, суды ағызудың жоғарылауту жұмыстары жасалуда. Бұл ретте өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін», деді әкімдіктен.
ТЖД құтқарушылары азаматтарды жақын маңдағы ауылдардан алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала.
Бұл жұмысқа 7 арнайы техника, 20 маман жұмылдырылды. Көпірді су деңгейінен жоғары көтеру мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде мұз кептелісі қозғалып, өзеннің төменгі ағысына кедергісіз өтуде. Қазір аталған жерде кезекшілік ұйымдастырылған.