Фото: Pexels
Су басу қаупі төнуіне байланысты Орал қаласындағы түзету мекемесінен жазасын өтеушілер көшірілді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мекеме мәлім еткендей, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған.
«№ 27 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Атап айтқанда, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді» деп хабарлады ведомстводан.
Сонымен қатар тұрғындар жазасын өтеушілердің колоннамен эвакуацияланғаны жөніндегі бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеп, бөлісіп жатыр.