Фото: ҚазАвтоЖол
Ақмола облысында су деңгейі көтеріліп, екі тасжолды еріген қар суы шайып кетті. Салдарынан тасжолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» «Қазавтожолға» сілтеме жасап.
Көкшетау - Атбасар бағыты бойынша жолдардың 120-184 шақырымы (Максимовка ауылының учаскесі) жабық.
Екатеринбург - Алматы тас жолында 856-917 шақырымында (Солтүстік Қазақстан облысының шекара учаскесі-Жақсы кенті) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз жолында автокөліктің барлық түрі үшін 3-92 шақырымында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жабық жол учаскелері:
- Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайотес - Шетпе - Жетібай - Ақтау, 4-119 шақырым;
- Мұқыр - Құлсары, 0 - 136 шақырым.
Қостанай облысында "Мариновка ауылына кіреберіс" тасжолында (0-9 километр) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка бағыты бойынша тасжол жабық, 42-96 шақырым.
Тобыл өзеніндесу деңгейінің көтерілуіне байланысты төтенше жағдайдың алдын алу үшін Қостанай - Жақсы - Қарабұтақ - Қостанай жолындағы көпір арқылы жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысты шектелді, 4-5 шақырым. Маңғыстау облысында жол бөлігін су шайып өтуіне байланысты Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайотес - Шетпе - Жетібай - Ақтау жолында автокөліктің барлық түріне 210-220 шақырым жүруге шектеу қойылды", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Солтүстік Қазақстан облысында Рощинское – Корнеевка – Волошинка тас жолына 0-47 шақырым шектеу енгізілді.
Жезқазған - Петропавл жолы жабылды, 869-875 шақырым. Екатеринбург – Алматы, 835-856 километр бағыты бойынша автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Челябинск - Новосибирск тасжолы да жабық, 525-530 шақырым.