Фото: ТЖМ
Қарағанды және Қостанай облыстарының өнеркәсіп кәсіпорындары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 500 млн. теңге бөлді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Қостанайлық Allur, сарандық QazTehna және теміртаулық Qarmet компаниялары «Демеу Қазақстан Қоры» корпоративтік қорына қаражат аударды.
«Табиғи апаттар бізді бірлік, ынтымақ пен қолдауға үйретеді. Көптеген отандастарымыз тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі су тасқынының бел ортасында қалды. Күшті біріктіру арқылы біз бұл кезеңді міндетті түрде еңсереміз», - деді «QazTehna» ЖШС бас директоры Арғұлан Майқонов.
Allur зауыты директорының орынбасары Ерлан Төлетаев: «Осындай ауқымды табиғи апаттарға келгенде ешкім, тіпті біздің кәсіпорын да шетте қалмауы керек. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен әрбір қазақстандыққа тиісті көмек көрсетілуі тиіс» деген пікірімен бөлісті.