фото: Massaget
Су сорылып, инертті материал төселді. Бүгін ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық Коммуникациялар Қызметінде ткен брифингте өңірлердегі су тасқынына қатысты жағдайды баяндады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Атырау облысының Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте Құлсары қаласында 150 мың текше метр су сорылды. Қалған су басқан 216 үйден су сору жұмыстары жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Зубовск кентінде 18 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Бөгеттерді нығайту, су басқан аумақтардан су сору жұмыстары және өзеннің су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда.
Солтүстік Қазақстан облысының Петропвал қаласы мен Қызылжар ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғастырылуда. Өткен тәулікте жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалардың көмегімен су басқан 356 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, барлығы 27 мың текше метр су сорылды.
Республика бойынша 8 189 тұрғын үй мен 2 988 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 14 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам, 1 523 техника, 244 су сору құралы және 79 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.
Өңірлерге әуе, теміржол және автокөлікпен 7 мыңға жуық тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.