02 мау, 2024 сағат 13:52

Су тасқыны: Әлі 5 мыңнан астам адам эвакуациялау пунктерін паналап отыр


Фото: ҚР ТЖМ


ТЖМ баспасөз қызметі су тасқыны жағдайына қатысты сағат 10:00-дегі ақпаратты таратты.


«Республика бойынша 63 063 адам өз үйлеріне оралды. 5и268 адам эвакуациялау пунктерінде.
28.2 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8.1 млн-нан астам қапшық және 1.5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді», — деп жазды ведомстводан.