Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік лиганың суперфиналында қатарынан үш ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық ватерполшылар Греция командасынан 11:25 ұпаймен жеңіліп қалды. Бұған дейін олар АҚШ (2:20) пен Испания (11:20) командаларынан жеңілген. Әйтсе де, турнир регламенті бойынша, A және B топтарындағы командалар автоматты түрде ¼ финалға жолдама алады.
Қазақстан құрамасының ширек финалға соңғы, төртінші орында шыққанына қарамастан, онда оған қатарынан үш рет жеңген А тобының көшбасшысы – Канадамен ойнау керек. Матч бүгін болмақ. Ширек финалдағы басқа жұптар мынадай: Ресей – Греция, Жапония – АҚШ, Венгрия – Испания.