17 қыр, 2024 сағат 18:36

Студент стипендиясымен де үй алуға болады

Фото: ашық дереккөз

Мұндай керемет мүмкіндікті әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасы ұсынады. Бұл ипотекамен 18-ге толған кез келген статустағы әйел (бойжеткен/ана) пәтер ала алады. Және Қазақстанның кез келген қаласынан! Бұрын 4 қаламен (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау) ғана шектелетін. Енді ондай «қолбайлау» жоқ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық сауат телеграм арнасына сілтеме жасап.

Сонымен, «Ұмай» бағдарламасы 2025 жылы қайта іске қосылғалы жатыр. 

Соңғы өзгерістердің «плюсін» тізіп шықсақ:

  • - кезекке тұрудың қажеті жоқ;
  • - отбасылық статусқа шектеу қойылмайды;
  • - кез келген жұмыс орны жарай береді;
  • - атыңда екі немесе үш үй болса да кедергі емес;
  • - адрес бойынша тіркеуде болу міндетке жатпайды;
  • - қаладан да, ауылдан да үй алуға болады;
  • - жаңа үйден де, екінші нарықтан да үй алуға болады;
  • - БЖЗҚ-дағы жинақ ақшаны пайдалануға болады (жинақты Otbasy шотына аудара аласыз немесе туысыңыз өз жинағын аудара алады);
  • - айналаңдағы кез келген адам «созаемщик» бола алады (ата-анаң, бауырың, туысың, досың/құрбың);
  • - СТУДЕНТ СТИПЕНДИЯСЫ ТАБЫС КӨЗІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ.

Енді бағдарламаның шарттарын айтайық:

  • - 15-20% – бастапқы жарна. Ол «Отбасы» депозитінде жатуы керек;
  • - 2016 – үйдің салынған жылы осы мерзімнен төмен болмауы керек;
  • - 950 000 – табыстың максималды деңгейі (осыдан асып кетпесе болды);
  • - 50 000 000 – баспананың максималды құны.
"Әзірге банктің 300 нөміріне қоңырау шалып, кеңесшілерді жағалап филиалдарға жүгірудің қажеті жоқ. Сізге керегі мынау, құрметті ханымдар: өз варианттарыңызды қарастырыңыз, банк шарттары ыңғайға келе ме – ойланып көру, депозитті тексеру және оны 2024 жылы толтыруды ойластыру. Қажет болса, банктің мобильді қосымшасында немесе кеңесшілерге барып депозит ашу", - деп жазады «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.