Ауылда жазғы демалыста жүрген кезімізде Алматы облысында жол ақысының көтерілгенін естіп біраз уайымдап қалдық. Себебі, біз сияқты қаланың сыртында оқитын сан мыңдаған студенттерге ОҢАЙ берілмейді. Сол себептен де қаланың ішінде күнделікті қарапайым халық сияқты төлейтін боламыз. Осы оңай мәселесі «баяғы жартас сол жартас» болып-ақ тұр емес пе?
Университетімізде оқитын көптеген студенттер осы жайлы жазып та, барып айтып та жүр. Тіпті, ол аз десеңіз жарты студенттер келісімімен қолдарын қойғызып, өтініш жасалды. Алайда, біздің жағдайымызды ескере отырып, өз қолдауын білдіріп жатқан жоғары жақтан ешкімді байқай алмадым. Керісінше, белгілі бір себептерді алға тарта отырып, келісімдерін бермейді.
Студенттер үшін күнделікті жол ақысының өзі үлкен шығындай көрінеді емес па? Алыс-жақыннан келіп оқып жүрген жастарымыздың пәтер, жол ақысына алаңдаумен күндерін өткізіп жатқандарына қатты алаңдаймын. Қазіргі уақытта пәтер бағасы да тым жоғары. Балаларын оқыту үшін ешнәрседен аянбайтын ата-ана кез-келген бағаға келісімдерін беріп жатады. Пәтер жағын ата-ана өздері шеше отырып, асқақтап тұрған бағаға көздерін жұмып, жалдатқызып жатыр делік. Ал енді жол ақысына келсек қалаға шыққан сайын 150 теңгеден беретін болсақ бір айлық шәкірт ақымыздың өзі жетпей қалуы мүмкін көрінеді. Әрине, Қаскелеңнің ішіндегі жол ақысы бұрынғы қалпында сақталып тұрғаны қуантады. Бірақ та студент болған соң аты айтып тұрғандай іздемпаз жастардың қала жаққа қарай көп барары анық. Бар өнердің қайнап жатқан ортасынан қалай тысқары қалуға болады. Тіпті, жол ақысына бола Қаскелеңнен алысқа шықпайтын жастарымызда жетерлік...
Күрмеуі шешілмей жатқан оңай мәселесінің үстіне, пәтер жағы да қосылып тұр. Алдында айтып өткенімдей пәтер бағасының бірден көтеріліп кетуіне не себеп? Оқуға келер алдында тұратын үй іздеп, достарыма хабарласып едім, бағалары былтырғыдан да жоғары болып тұрғандарын айтты. Мысалға 1 бөлмелі 80-100 мың, 2 бөлмелі пәтер ақысы 120-140 теңгеден. Ата-аналардың, студенттердің бірден сары уайымға салынып, алаңдап кететіндері анық ғой. Оған мен пәтер іздеген кезде хабарласқан талай ата-ананың айтқан сөздері дәлел. «Баламның арманы университетте оқу. Мен қалай ғана оның болашағына балта шабамын. Өзім аш қалсамда, бауыр етіп балам тоқ жүрсе екен...» деп тебірене сөйлеген ақ жаулықты аналардың даусын естіген кезде ішің удай ашиды. Пәтер тұрмақ, жатахананың да бағасы арзан емес. Оның үстіне жатақханада орын жоқ. Ал үй таппай сандалып жүрген студенттер қонақ үйлерді жағалап жүргені анық.
Осылай көп мәселенің жетегіне еріп жүрген біз сияқты талай жастарды оқуға деген ынтасы да жоғалып кетпесіне кім кепіл?
Ай сайын пәтер, жол ақысын төлеумен қоса тамаққа, киімге кететін қаржыны да есептей беріңіз. Айына алатын орташа жалақылары 30-40 мыңнан аспайтын ауылдағы ата-аналардың бар тапқан-таянғанын бауыр еті баласына жіберіп, өздері қалай күн кешіп жатқаны да алаңдатады.
Шешімі табылмаған мәселелердің барлығын көре отырып, билік басындағы ағаларымыз ел болашағы жастардың қамын жасамаса ел ертеңіне қалай сеніммен қарайды екенбіз...
Тілеген Көгершін
Сүлейман Демирел Университеті
Журналистика 2 курс студенті
Ұлт порталы