Болгария астанасы София қаласында бокстан өтіп жатқан дәстүрлі «Страндж кубогында» қазақстандық бұрымды боксшы жарысты бірден жүлделі орыннан бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Ләззәт Күнгейбаева шаршы алаңға шықпай-ақ жүлделі орынға шыға келді.
Нақтырақ айтсақ, отандасымыз жеребе тарту қорытындысына сәйкес, жарысты жартылай финалдан бастайтыны белгілі болды.
Осылайша, ол жекпе-жексіз қола медальға қол жеткізіп тұр.
Сондай-ақ, аталған турнирде тоғыз бұрымды боксшымыз ширек финалға шықты. Бүгін олардың ширек финалдағы қарсыластары анықталды.
Ширек финалдағы қазақстандық боксшылардың қарсыластары:
Алуа Балқыбекова (48 келі) - Анна Охота (Украина)
Назым Қызайбай (50 келі) - Лаура Фуертес Фернандес (Испания)
Балауса Мұздыман (54 келі) - Станимира Петрова (Болгария)
Дина Жоламан (54 келі) - Шэрон Приско (Италия)
Карина Ибрагимова (57 келі) - Вилма Витанен (Финляндия)
Валентина Хальзова (70 келі) - Дарима Сандакова (Ресей)
Надежда Рябец (75 келі) - Елена Гапешина (Ресей)
Анастасия Баязитова (81 келі) - Сохиба Рузметова (Өзбекстан)
Валерия Аксенова (81 келіден жоғары) - Нандини (Үндістан)
Аталған турнир 19 ақпанда басталған болатын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 28 ақпанда белгілі болады.