04 ақп, 2026 сағат 11:10

Сталкинг жасағандарға 865 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

Фото: Gov.kz

Сталкинг жасағандарға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 865 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қайта-қайта қоңырау шалып, хабарлама жіберіп, әлеуметтік желілер арқылы бақылап, бір сөзбен айтқанда адамның еркінен тыс ізіне түсу – бұл қылмыс. Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиясына тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан Ішкі істер министрілігі аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін еске салады.

Қылмыстық кодекстің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Егер сізге немесе жақындарыңызға қатысты қудалау, аңду, жүйелі түрде мазалау әрекеттері орын алса, үнсіз қалмаңыз. Дереу 102 нөмірін теріп, полицияға хабар беріңіз.