16 қыр, 2021 сағат 20:01

Спорттық құзға өрмелеуден ӘЧ: қазақстандық екі спортшы финалға шықты


Спорттық құзға өрмелеуден Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

«Жылдамдық» бойынша өткен іріктеуде Әмір Маймұратов пен Ришат Хайбуллин финалға өтті. Маймұратов 11-орын алса, Хайбуллин 16-орыннан көрінген. 

Бұл екі спортшының финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, бүгін жарыс жолына шыққан Бекнұр Алтынбеков 23, Матвей Есипов 33, Роман Костюков 36-орынға табан тіреді.