30 шіл, 2021 сағат 01:01

Спортта жеңіске жетуге немесе жеңілуге барлық факторлар әсер етеді - Василий Левит


Қазақстандық боксшы Василий Левит Токио-2020 Олимпиада ойындарындағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Спортта жеңіске жетуге немесе жеңілуге барлық факторлар әсер етеді. Менің жағдайдымда да солай болды. Бұл жерде пандемияда бар, басқа да жағдайлар әсер етті. Бұнымен өмір бітпейді, ол өз ағынымен жалғаса береді. Ең бастысы еңсені түсірмеу керек...», - деді Василий Левит әуежайда журналистерге берген сұхбатында. 

Сондай-ақ, спортшы барша жанкүйерлерге алғысын білдірді. 

«Барша қолдаушыларға рахмет. Жанкүйерлердің қолдауын сезіндім, бастысы сол. Спортта жеңіске жеткенде де, жеңілгенде де қолдау өте маңызды. Өйткені қолдау көрсетудің арқасында жеңілістің ащы сезімін аса сезінбейсің», - дейді ол.