Танымал спорт журналисі Марек Цудек Жәнібек Әлімханұлын америкалық әлем чемпионы Деметриус Андраденің (30-0, 18 КО) әлеуетті қарсыласы ретінде атады. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.
Спорт сарапшысының пікірінше, Андраде мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жекпе-жекке шықпай тұрып, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) және британдық кіші Крис Юбэнк (30-2, 22 КО) сияқты бір саты төмен тұрған қарсыластармен сайысуы керек.
«Уильямс, Кулькая мен Сулецкиді ұту жеткіліксіз». Деметриус Андрадеге әлі тер төгу керек. Әлімханұлы, Хубэнк» - дейді Цудек.
Бүгінгі таңда Андраде - WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.