Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының арызын қарамастан қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәдениет және спорт министріның адвокаты Ескендір Әлімбаевқа сілтеме жасап.
"Арыз процессуалдық сипаты жеткіліксіз болғандықтан қайтарылды. Қазіргі уақытта біз сот сілтеген міндеттерді орындаумен шұғылданып жатырмыз" - Ескендір Әлімбаев деді адвокат.
Еске салайық, Осыған дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықова министрді бөтен оймен тиісті деп айыптаған болатын. Видеода қыз 2011 жылы Мұхамедиұлы ректор болғанда академияға ақшаға түсіріп беретінін айтты және екіұшты ұсыныстар айтты деп мәлімдейді. Ал Мұхамедиұлы өз кезегінде бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін БАҚ-тарда тағы бір қыздың министрі "тиісті" деп айыптағаны жайлы хабар тарады. Ал кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ар-намысы мен абыройын сотта қорғайтын болатыны хабарланды.