16 ақп, 2022 сағат 18:00

Сметов пен Қырғызбаев GRAND SLAM турнирінде жаңа салмақта бақ сынайды


Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы жаңа маусымды Тель-Авивте өтетін әлемдік Grand Slam турнирінен бастайды, деп хабарлайды Olympic.kz

17-19 ақпан күндері Израиль астанасы Тель-Авив қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді. Аталған жарысқа Қазақстан ерлер және әйелдер құрама командасынан барлығы 25 спортшы қатысады.

Айта кетерлігі, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Тель-Авив татамиінде жаңа салмақта, яғни 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін болады. 

Ерлер: 

Бауыржан Нарбаев (60 кг)

Мағжан Шамшадин (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (66 кг)

Елдос Сметов (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Данияр Шамшаев (73 кг)

Абылайхан Жұбаназар (81 кг)

Бекәділ Шаймерденов (81 кг)

Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кг)

Дидар Хамза (90 кг)

Ерқанат Молдағұлов (-100 кг)

Ислам Бозбаев (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әділ Оразбаев (+100 кг)

Әйелдер: 

Гаухар Ирмағамбетова (-52 кг)

Салтанат Сұлтанбекова (-52 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Бақыт Құсақбаева (-57 кг)

Мөлдір Нарынова (-63 кг)

Самалай Ерғалиева (-63 кг)

Зере Бектасқызы (-70 кг)

Назерке Тілеуханова (-78 кг)

Аруна Жангельдина (-78 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)