31 қаз, 2016 сағат 13:18

Смақов пен Щеткиннің "Ақтөбе" сапындағы айлығы - 15 миллион

"Ақтөбе" футбол клубы команда ойыншыларының 2016 жылдағы айлық тізімдемесін жария етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Клубта ең жоғары айлық алатын ойыншы Алексей Щеткин екен, оның ай сайынғы табысы - тоғыз миллион теңге. "Ақтөбенің" бұрынғы капитаны Самат Смақов алты миллион алып отырған. Қазіргі кезде қос ойыншы да өзге клуб үшін ойнайды. 

Ақтөбелік клуб сапындағы легионерлер арасында ең көп табыс Никита Бочаровта - айына 2,5 миллион теңге. Ал клуб бапкері Юрий Уткульбаевтың айлығы - 3,5 миллион теңге.

"Ашықтық саясаты шеңберінде "Ақтөбе" ФК футболшылармен жасалған келісім бойынша 2016 жылы агенттік, трансферлік және қолдаушылық төлмедерден бір тиын да төлемегенін мәлімдейді. Барлық келісімшарттар теңгемен жасалды, бұл ұлттық валюта құлдыраған жағдайда айырмашылықты қарастырмайды. ҚПЛ-дың кемінде тоғыз командасының тізімдемелері "Ақтөбе" футбол клубына қарағанда бірнеше есе жоғары", - делінген клуб хабарламасында.

kaz.tengrinews.kz