22 шіл, 2025 сағат 10:46

Скрининг сылтауымен алдайды: Денсаулық сақтау министрлігі алаяқтар туралы ескертті

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: өзін медициналық ұйым қызметкері ретінде таныстыратын белгісіз адамдар азаматтарға қоңырау шалып, скринингтік тексеруден өту үшін SMS-кодты айтуын сұрайды, деп хабарлайды Ult.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ешбір мемлекеттік медициналық мекеме SMS-код арқылы скринингке жазылуды немесе оны растауды сұрамайтынын қатаң түрде ескертеді. 

SMS арқылы келетін кодтар әдетте, цифрлық қызметтерге кіру немесе операцияларды растау үшін қолданылады және оларды үшінші тұлғаларға мүлдем беруге болмайды.

Дәрігерлік тексеруге қатысты ресми хабарламалар тек мемлекеттік порталдарда, емханалардың тіркеу бөлімдері арқылы немесе ресми байланыс арналарымен жүргізіледі.

Министрлік қазақстандықтарды қырағы болуға, телефонмен келіп түскен күмәнді сұраныстарға сенбеуге шақырады.