- Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Сирия проблемасын реттеуге арналған келіссөздер 23 қаңтарда Астанада өтетіндігін мәлім етті.
Бұл жайында "Ұлт ақпарат" Блумберг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін түрік СІМ басшысы Ресей сарапшылары Сирия бойынша келіссөздерге дайындық мәселелерін талқылау үшін 9-10 қаңтарда Түркияға келетіндігін мәлім еткен болатын, деп жазды Ресейдің Жаңалықтар ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Президент Путин түрік көшбасшысы Тайып Ердоғанмен Сирияда қақтығысушы тараптарға Астанада жаңа алаңда бейбіт келіссөз үдерісін жалғастыруды ұсыну жайлы уағдаласқанын хабарлаған. Оның айтуынша, бұл Женева келіссөздерін толықтырады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путин және Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді.