16 мам, 2024 сағат 17:41

Си Цзиньпин Путинді «жақсы досым» деп атады

Сурет: Sputnik.kg

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинді өзінің жақсы досы екенін айтып, президент лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы ол Қытайға екі күндік мемлекеттік сапармен барған Путинмен кездесу кезінде айтты. Ресей президенті өз кезегінде екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталды.

"Ресей мен Қытайдың қарым-қатынасы конъюнктуралық бағытты ұстанбайтындығымен және ешкімге қарсы бағытталмағандығымен маңызды. Біздің әлемдік істердегі ынтымақтастығымыз бүгінде халықаралық аренадағы басты тұрақтандырушы факторлардың бірі болып табылады. Біз көпполярлы шындықты көрсететін және халықаралық құқыққа негізделген әділеттілік пен демократиялық әлемдік тәртіп принциптерін қолдаймыз", - деді Путин.


Еске салайық, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бейсенбі күні таңертең Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңге екі күндік мемлекеттік сапармен барды.