"Қазақтың көрнекті жазушы-драматургі Рахымжан Отарбаевтың Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан жарық көрген «Плач Чингис-хана» жинағы 2015 жылы жарияланған ТМД елдері авторларының ішінде жылдың ең үздік кітабы номинациясын жеңіп алды", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі "Әдебиет порталына" сілтеме жасап.
Сонымен бірге қаламгердің бұл повесі «Юность» журналының биылғы жылғы 5-6 сандарында Г.В Пряхиннің аудармасымен жарық көрді.
Қазақ әдебиетінің мәртебесін биікке көтеріп жүрген жазушымызды шығармашылық жаңа жетістігімен құттықтаймыз.