05 мау, 2025 сағат 12:37

Шымкентте такси қызметіне риза болмаған әйел көлік терезесін шаққан

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға 3 маусымда орын алған. Әлеуметтік желілерде бұл жағдайдың видеосы тарады.

Бөтен мүлікті әдейі бүлдіру фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу және сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.