Наурыз мейрамы қарсаңында шымкенттіктер ел ішінде бірінші болып шомылу маусымын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл қалалық өзен жағасында дәстүрлі болып кеткен "Қошқар ата сейілі" фестивалі кезінде болды. Мұнда қой көтеруден жарыс та өтті.
Мереке қатысушылары қалалықтардың Қошқарата өзеніне түсуіне таңғалды.
Айта кетейік, 20 наурызда Шымкентте ауа температурасы 26 градуc көрсетті. Балалар мен жасөспірімдер суға шомылып, осылайша шомылу маусымын ашты.