29 там, 2025 сағат 15:44

Шымкентте полицей адам қағып өлтірді

Фото: Ашық дереккөз


Шымкентте полиция қызметкері көлігімен адам қағып өлтірді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.


Белгілі болғанындай, оқиға 28 тамызда Желтоқсан көшесінде болған.


"Әйел адам ағаштардың арасынан кенеттен жүгіріп шығып, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған", - деп жазылған хабарламада.


Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдікті жол ережесін бұзбағанын айтады.


"Ол масаң күйде болмаған және жылдамдық режимін сақтаған. Қазіргі таңда кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді ведомство қызметкерлері.