Фото: pixabay
Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында көз жұмды, - деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға 11 қаңтар сағат 11:00-де болған.
"№48 жалпы орта мектебінде дене шынықтыру сабағы кезінде 2010 жылы туған 8 "А" сынып оқушысы есінен танып құлаған. Мектеп медбикесі спорт залға жылдам жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған", - дейді басқарма.
Келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл жәрдем шақырған. Алайда ол келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болған.
Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, оқушының әкесі - жеке жүргізуші, анасы - колледжде мұғалім. Отбасында 1 қыз, 2 ұл бар. Марқұм оқушы үйдің ортаншы баласы.