Фото: massaget.kz
Шымкентте Наурыз мерекесіне орай бірқатар санатқа жататын азаматтарға әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
"18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі", - делінген қалалық әкімдіктің хабарламада.
Бұл әлеуметтік қаржылай төлем Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан бөлінді.