13 қар, 2023 сағат 12:16

Шымкентте мас жүргізуші полицейлерге миллион теңге пара ұсынған

Фото: Polisia.kz

Мас жүргізуші Шымкент полицейлеріне 1 млн теңге пара беруге тырысты, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Түнде қаланы патрульдеу кезінде Шымкент патрульдік полициясының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған және жол бойымен ретсіз қозғалып бара жатқан көлікке назар аударды.

Полиция көлікті тоқтатты. Олар салоннан алкоголь иісін сезіп, жүргізушіден медициналық тексеруден өтуді сұрады. Жауап ретінде ер адам оны жауапқа тартпау үшін 1 миллион теңге ұсынды" - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері оқиға туралы дереу қаланың ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған, ал жүргізуші наркологиялық диспансерге жеткізілген.

"Тексеру нәтижелері жүргізушінің мас күйде екенін және құқығынан айырылып, рөлге отырғанын растады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346 және 367-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" - делінген хабарламада.