Шымкенттің Рысқұлов көшесіндегі ломбардқа медициналық маска киген ер адам қолында тапаншаға ұқсас затпен кірген. Осы кезде келушілердің бірі оған тап беріп, тойтарыс берген.
Оқиғаның видеосы Instagram-дағы 1tv_shymkent парақшасында жарияланды.
Ер адам қолындағы қаруға ұқсас затпен қорқытып, ломбард қызметкерлерінен 100 мың теңге талап еткен. Сол сәтте жақын маңда болған 18 жастағы жігіт қарақшыны полиция келгенше ұстап тұрған. Көрсеткен ерлігі үшін ол алғыс хатпен марапатталды.