07 шіл, 2024 сағат 13:16

Шымкентте ер адам жасөспірімді аяусыз ұрған


видеодан кадр


Шымкентте ер адам жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.


Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрысып, ағашпен ұрып, кейін ішінен екі рет ұрып жібергені көрінеді. Осы кезде жасөспірім: "аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!" - дейді.
"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", - деп жазылған видеода жазбасында.


Шымкент Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға пікір білдірді.


"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.