05 сәу, 2024 сағат 10:15

Шымкентте бұзақы әйелді еш себепсіз ұрып-соққан ер адам қамалды


Фото: pixabay.com 


Шымкентте көшеде тұрған кінәсіз әйелді теуіп, қол жұмсаған бұзақы бір жылға бас бостандығынан шектелді. Бұл келеңсіз жағдай ақпан айында болған екен. Бірақ видеосы енді тарап, жұрттың ашуын туғызуда, деп хабарлады «Ұлт ақпарат»  КТК -ға сілтеме жасап.


Құрбысының туған күніне бару үшін гүл алып, такси күтіп тұрған келіншекті мекемеден шыққан еркек артынан келіп тебеді. Соққыдан шошып кеткен әйел тіпті ашуға да булықпаған. Ал өзі теуіп, өзі құлаған 50 жастағы тұрғын одан кейін келіншектің бетінен ұрады.


Есеңгіреп қалған жәбірленуші тек осыдан кейін ғана қашып ғимаратқа кіреді.


Тәртіп сақшылары ұстағаннан кейін де, есерсоқ еркек бейтаныс әйелді "өлтіремін" деп қорқытыпты. Сот оны бұзақылық бабымен кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеді.